Қытайға халықаралық экспедиция аттанады

635

Қытайға халықаралық экспедиция аттанады

Алматы облысынан көршілес Қытай Халық Республикасына "Мұқали" халықаралық экспедициясы аттанады, деп хабарлайды 24.kz.

Мұқали – шамамен 1170-1223 жылдар аралығында өмір сүрген ұлы қолбасшылардың бірі. Ол заманында Шыңғыс хан әскерінің төрт ірі қолбасшысының бірі болған.  Империядағы тоғыз төренің бірі атанған әскери тұлғаның Қытайға әмірін жүргізгені тарихтан белгілі.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған "Мұқали" халықаралық экспедициясына зиялы қауым өкілдерінен құралған 19 адам қатысады. Олар "Ұлы Қытай қорғаны" мен "Сиянь Үлкен Мешітінде", "Шэньси провинциясының тарихи музейінде" және "Қытайдың ұлттық мұражайында болып, көрші елдің тарихи-мәдени орындарымен танысады. Экспедиция мүшелері бір аптадан соң елге оралады. 

"Сол жердегі ғалымдармен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен, архивтерімен танысып, жаңа деректер, жаңа мағлұматтар алып, оны жаңа форматта өзіміздің Жетісу жұртшылығына және республикамыздың ғылыми-зерттеу орталықтарын жаңартуға мүмкіншілік береді деген ойдамын", - дейді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу