Бұдан былай Қытайға келген 14-70 жас аралығындағы шетелдіктерден саусақ таңбасы алынады, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл елдегі қауіпсіздікті күшейту үшін жасалған шара дейді мамандар. Дегенмен, Дипломаттар мен ресми делегация мүшелеріне мұндай талап қойылмайды. Әзірге жаңа жүйе Шэньчжэнь қаласының әуежайында жұмыс істей бастады.
Келешекте тексеру жүйесі мемлекеттің өзге де аймақтарына енгізілмек. Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің мәлімдеуінше, бұл шара көші-қонды бақылау мен оның тиімділігін арттыруға да көмектеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу