Қытайға көліктердің өтуі күніне 10 бірлікке дейін қысқарды

507

Бұған Синьцзянь-Ұйғыр автономиялық ауданында коронавирустық инфекцияның өршуі себеп болған.  

Қытайға көліктердің өтуі күніне 10 бірлікке дейін қысқарды

Пандемия басталғаннан бастап қытай тарапы шекарада санитариялық бақылаудың күшейтілген шараларын енгізіп, көлікті күн сайын өткізу 20 бірлікке дейін қысқарған болатын. Осылайша "Нұр жолы" өткізу пунктінде кептеліс орын алып, Қазақстаннан Қытайға шығуға бекетте күніне 1700- дей автокөлік кезекте тұрды.

қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше аталған мәселені шешу үшін бірқатар шаралар қабылданып, нәтиже берген. Мәселен қытай тарапымен келіссөздер жүргізіліп, қабылданатын көлік саны күніне 20 бастап 100 бірлікке дейін ұлғайған. 2020 жылғы 1 шілдеден бастап бұрын уақытша жабылған "Қалжат", "Бақты", "Майқапшағай" өткізу пункттері ашылған. Алайда қытай тарапы өткізу пункттерін жапқандықтан, тауарлар мен көлікті өткізу мүмкін болмады дейді комитеттен.

"Үкімет деңгейінде қытайлық тасымалдаушылардың кіруін және шекаралық көліктік-логистикалық орталықтарға тауарларды ауыстырып тиеу мүмкіндігін көздейтін ҚХР-мен өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды. Қытай жүргізушілері енді өткізу пунктінің аумағына 24 сағатқа визасыз режимде кіре алады",– деп жазылған комитет хабарламасында.

Ал Қытайға өнім экспорттайтын отандық экспорттаушылар үшін бір мезгілде "жасыл дәліз" құрылған. Оларды өткізу кезектен тыс жүзеге асырылады.

Ведомстводан шекарада көліктің топталуын азайтуға бағытталған барлық мүмкін болатын шаралар қабылданғаны, оның ішінде Үкіметтік деңгейде Қытаймен тауар айналымын ұлғайту жөніндегі ұсыныстармен Қытайдың Мемлекеттік Кеңесіне өтініш жолданғаны айтылды.

"Қытай тарапы тауарларды өткізудің жаңа тәртібін келіскеннен кейін шекара арқылы өткізілетін көлік санының күніне 200 бірлікке дейін артуы және тиісінше топталудың төмендеуі күтілуде",– деп жазылған хабарламада.

Қытайдың Синьцзянь-Ұйғыр автономиялық ауданында коронавирустық инфекция өршуі байқалған. Осыған байланысты 20 шілдеден Қытай тарапы Қазақстан тарапынан көлік қабылдауды күніне 10 бірлікке дейін қысқартқан.

"Шекара арқылы бірінші кезекте тасымалдауға арналған келісім-шарттардың болуымен Қытайға тауар үшін жіберілетін экспорттық тауарлар мен тасымалдаушылар өткізілетін болады",– дейді комитеттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу