Қытайға құйылған инвестиция көлемі 6,6%-ға артты

1165

Бұл қаңтар және қазан айлары арасындағы көрсеткіш.  

Қытайға құйылған инвестиция көлемі 6,6%-ға артты

Құрлықтық Қытайға тартылған инвестиция көлемі 752,41 млрд юаньға жеткен. Бұл туралы ҚХР-дың сауда министрлігі хабарлады.

Ал қазан айында елге құйылған тікелей инвестиция 7,4%-ға өсіп, 69,2 млрд юань болды.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, бұл көрсеткіштер жыл соңына дейін осылай сақталмақ. Айта кетейік, өткен аптада АҚШ-тың сауда министрі Уилсбур Росс Вашингтон мен Бейжіңнің сауда келісімін жасауға ниетті екенін айтқан еді. Бірақ ол келісімнің бірінші кезеңі айтарлықтай ауқымды болмайтынын жеткізді. Оның айтуынша, басты назарда "ағымдағы сауда", сондай-ақ Қытайдың 40-50 млрд доллар тұратын америкалық ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу-алмауы болмақ. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу