Қытайға тасымалданатын газ көлемі екі есе артады

1319

Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, "Бейнеу-Шымкент" газ құбыры отандық көгілдір отынды Қытайға көптеп тасымалдауға мүмкіндік беріп отыр. 

Қытайға тасымалданатын газ көлемі екі есе артады

Қытайға тасымалданатын газдың көлемі екі есе арттырылады. Бұл туралы энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды Atameken Business.

Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, "Бейнеу-Шымкент" газ құбыры отандық көгілдір отынды Қытайға көптеп тасымалдауға мүмкіндік беріп отыр. Аталған құбырмен келетін шикізат "Түркіменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай" транзиттік газ құбырына құйылады. Осылайша, Батыс Қазақстандағы кен орындарынан шығатын табиғи газ Қытайға тасымалданып отырады.

Бүгінде Қытай нарығы жыл сайын 12,5 пайызға өсіп тұр. Мәселен, 2017-2018 жылдары біздің ел  жылына 5 миллион текше метрден астам газды Қытайға жіберген. Өткен жылы аталған көрсеткішті жылына 10 миллион текше метрге дейін жеткізуге келіскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу