Қытайға заңсыз алтын тасымалдаған қылмыстық топ сотталды

1321

Құрамында алтыны бар кен Ақмола облысының Степногорск өңірінде орналасқан кен орнынан заңсыз өндіріліп ұрланған.

Қытайға заңсыз алтын тасымалдаған қылмыстық топ сотталды

2018 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұзақ уақыт бойы Қытайға құрамында алтыны бар кенді контабандалық жолмен шығарумен айналысқан, құрамына Қазақстан Республикасы мен ҚХР азаматтары кірген трансұлттық ұйымдасқан топтың сқұқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.  

Құрамында алтыны бар кен Ақмола облысының Степногорск өңірінде орналасқан кен орнынан заңсыз өндіріліп, ұрланған. Шикізатты зерттеу және қайта өңдеуге арналған жасырын зертханалар жойылды. 

Алтын құрамы жоғары қазақстандық кен әртүрлі минерал (кварцит, пирит және басқалары) бүркемесімен жалған құжаттар бойынша шетелге шығарылған. Қылмыскерлер ай сайын 100 тоннаға жуық құрамында алтыны бар шикізат шығарған.  

ҰҚК жүргізген арнайы операция барысында ТҰТ мүшелері 250 млн теңгеден астам салмағы 106 тоннадан артық контрабандалық жүктің кезекті партиясын – құрамында алтыны бар екі вагон кенді шығару, қылмыс үстінде  ұсталды.

2019 жылғы 20 маусымда Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты барлық 12 айыпталушыны ҚР ҚК 234 (экономикалық контрабанда) және 264- (трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру, оларға басшылық ету, сондай-ақ оларға қатысу) баптарымен көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу