Қытайға жөнелтетін табиғи газ мөлшері артады

2030

Жоспар бойынша, осы күз аяқталғанша елімізден 5 миллиард текшеметр газ бармақ.

Қытайға жөнелтетін табиғи газ мөлшері артады Фото: inform.kz

Қытайға Қазақстан мен Ресейден баратын табиғи газ мөлшері артпақ. Бұл ақпаратты Риа Новости таратты, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

"Қытай 2017 жылы орталық Азия елдерінен 94,6 кубметр табиғи газ импорттаған. Таяуда Қазақстан мен Ресейден келетін газ мөлшерін ұлғайтпақ", – дейді агенттік өкілдері.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев қытайға газ жөнелту ісі 2017 жылы басталып кеткендігін айтқан болатын тамыз айында. Жоспар бойынша, осы күз аяқталғанша шығыстағы көршіге елімізден 5 миллиард текшеметр газ бармақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу