Шығыста қытай инвесторлары ағашты қайта өңдейтін зауыт салмақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
"Қытай инвесторлары жуырда өңірдегі кәсіпорындарға келіп кетті. Шетелдіктерге орманымызды неге береміз деп, алаңдап жатқандар бар. Заң бойынша, тендерге тек қазақстандықтар түседі. Орман өнімін түгелдей шетелге шығаруға болмайды. Қытай инвесторлары сапасыз ағаш сүрегін қайта өңдейтін зауыт салуға ғана кіріседі. Кейін ол жерде біздікілер жұмыс істеп, шет елдерге экспорттайды", – дейді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайынов.
Мұрат Құсайынов еліміздегі ірі орманды өңірге зиян келмейтіндігін, шығын шықпайтындығын айтты.