Өскеменнің № 2 соты заңсыз миграция ұйымдастыруға қатысты істі қарады, деп хабарлайды YK-news.kz.
Сот қала тұрғынын кеңсе техникасымен Қазақстанда азаматтық алуға және ел аумағында болу уақытын ұзартуға жалған құжат әзірлеген деп таныды.
"Ол құжатты нотариалды куәландырып, оны Қытайдың 13 азаматына сатқан, олардан 85 200 теңге алған", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Жазықтыға бір жылға бас бостандығынан айыру және күштеп еңбекке жегу үкімі кесілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу