Hainan Airlines компаниясы "стандартты шектен" 10 пайыз асып кеткен бортсеріктерді бірден ұшудан шеттейді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Global Times порталына сілтеме жасап.
Басшылық ережесі бойынша, борсеріктердің салмағын өлшеу мына формуламен жасалады: "бойы (см) - 110 = стандарт салмақ (кг)". Бұл көрсеткіштен 10 пайыз асып кеткен ботсеріктер салмағын түсіргенше ұшудан шеттеледі.
Hainan Airlines өкілдері бұл әуе компаниясының иммиджі үшін жасалып жатқанын түсіндірді.
"Компания сырт әлем үшін Қытайдың көрсеткіші", делінген компания мәлімдемесінде.
Құқықтық мәселелер бойынша сарапшының сөзінше, мұндай талап қажетті заңдық процедураларсыз артық міндет жүктеу болып саналады, демек мұның заңдылығы күмән тудырады.
Бортсеріктер басқармасында көптен бері қызмет етіп келе жатқан Хуанг атты маман реттеуші органдар алдымен қауіпсіздікке назар салу керек дегенді алға тартады.
"Егер компания артық салмағы бар бортсеріктерді тек эстетикалық талап үшін ғана дұрыс жұмыс істеткізбесе, бұл кемсіту саналады", - дейді ол.