Қытайлық азаматтардың заңсыз көші-қонын ұйымдастырумен айналысқандар сотталды

735

ҚХР-дан мигранттардың заңсыз арнасын Тараз қаласы көші-қон полициясы бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған. 

Қытайлық азаматтардың заңсыз көші-қонын ұйымдастырумен айналысқандар сотталды

Жамбыл облысында ҚХР-дан Қазақстанға заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысының аумағында ұзақ уақыт бойы қытайлық азаматтардың заңсыз көші-қонын ұйымдастырумен айналысқан топты анықтады.

ҚХР-дан мигранттардың заңсыз арнасын Тараз қаласы көші-қон полициясы бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған. Атап айтқанда, бұрынғы басшысы А. Зейдалиев пен оның орынбасары Б. Наурызбаев Қытайдан келген У. Силамбекпен "делдал" ретінде сыбайласқан.

Көрсетілген адамдар тобы жалған құжаттарды қолданып, Жамбыл облысында ҚХР-дың 170-тен аса азаматын оларға Қазақстанда кедергісіз тұру үшін тиісті құқық беретін құжат берген.

2019 жылғы 5 наурызда Тараз қаласының № 2 қалалық сотында аталған қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.

А. Зейдалиев 4 жыл 6 айға орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде, Б. Наурызбаев 3 жыл 6 айға орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекмесінде жазасын өтейді.

Сот У. Силамбекке ҚР ҚК 394-бабы 2-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекмесінде жазасын өтеуге үкім кесті.

Қазіргі уақытта ҚХР азаматтарына берілген оларға ҚР аумағында тұруға құқық беретін ресми құжаттардың күшін жою туралы мәселе шешілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу