Қытайлық дәрігер "Қара жорғаның" науқастарға пайдасын айтты

980

Алматыда Қытай дәрігерлерінің онлайн сабақтары өтіп жатыр.

Қытайлық дәрігер "Қара жорғаның" науқастарға пайдасын айтты

Алматыда Қытайдан келген дәрігерлер делегациясының онлайн сабақтары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін пульмонолог дәрігер Цю Гаунфенг науқастарға психологиялық көмек көрсетудің маңыздылығы туралы айтты.

Оның айтуынша, оқшауланған адамдар жүйкесі жұқарып, шаршайды. Сонымен қатар олардың жүріс-тұрысына тыйым салынады.

Сол үшін пациенттермен сөйлесіп, жаттығу жүргізіп тұрған дұрыс.

Қытай дәрігері мысал ретінде қазақ дәрігерінің "Қара жорға" биінің Уханьдағы коронавируспен ауырған науқастарға қалай көмектескенін айтып берді.

"Науқастармен видеобайланыс арқылы сабақ өткізіп, үнемі байланыста болған жөн. Әр пациентпен жеке күніне 2 рет тыныс алу жүйесін жақсартатын жаттығу жасап, би билеу керек. Бізде модульді ауруханалардың бірінде ұлты қазақ дәрігерлердің бірі "Қара жорға" биін билеуді үйретті. Бұл пациенттерді эмоциялық жағынан да, физикалық жағынан да бір серпілтіп тастағаны рас. Осы биден кейін пациенттердің көпшілігі біразға дейін еңселері тік, көтеріңкі көңіл күймен жүрді", –деді дәрігер Цю Гаунфенг.

Айта кету керек, Алматыда Қытай дәрігерлерінің онлайн сабақтары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу