Қытайлық электромобильдер арзандай ма?

553

Қолданыстағы уақытша тарифтердің күшін жою үшін 27 дауыстың 15-іне ие болуы қажет. 

Қытайлық электромобильдер арзандай ма? Фото: astanazan.kz

Қытайлық электромобильдердің тарифтерін түпкілікті көтеру туралы бастамаға Еуропалық Одақ дауыс бергеннен кейін Пекин мен Брюссель бұл мәселе бойынша келіссөздерді жалғастырады. EurActiv басылымы хабарлағандай, дауыс беру 4 қазанда өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сонымен қатар, Еурокомиссияның (ЕК) тарифтер бойынша ұсыныс жобасы сауда дауын реттеудің балама нұсқаларын іздеу мақсатында Қытаймен келіссөздерді жалғастыру қажеттілігі туралы ережені қамтиды.

Дауыс беру бастапқыда 25 қыркүйекке белгіленді. Алайда, Қытаймен қосымша келіссөздер жүргізу мақсатында оның өткізілетін күні өзгертілді.

Басылым Еурокомиссия қытайлық өндірушілерге Қытайдың осы салаға мемлекеттік субсидиялар есебінен қолдан жасалған нарықтық бұрмалауды теңестіру үшін қоғамдастыққа жеткізілетін электромобильдердің ең төменгі бағаларын енгізуді ұсынғанын еске салады.

Еуропалық Одақ өз дегеніне жетіп, қолданыстағы уақытша тарифтердің күшін жою үшін 27 дауыстың 15-іне ие болуы қажет. Кипр, Мальта, Венгрия, Испания мен Словакия Қытайға қатысты сауда шектеулерін қолдамайтындықтарын мәлімдеді. Швеция мен Чехия әлі түпкілікті шешім қабылдаған жоқ.

Еурокомиссия 4 шілдеден бастап қытай автомобильдеріне уақытша баж салығын енгізетінін жариялады, ал қыркүйекте 4 қарашадан бастап салықты тұрақты негізде енгізу туралы шешімді жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу