Осы келісім аясында шекара маңында жаңа зауыт пен қоймалар салынады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мәжілістің жалпы отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бұл келісімнің екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында жасалғанын атап өтті.
Жоба аясында "Атамекен" (Қазақстан, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы) және "Гүлістан" (Өзбекстан) өткізу бекеттеріне жақын аумақта, шамамен 50 гектар жерге логистикалық инфрақұрылым, қоймалар мен көкөніс өңдеу зауыттары салынбақ.
Түркістан облысының әкімдігі қытайлық инвестормен келіссөздер жүргізіп, олар көкөніс пен жемісті өңдейтін, азық-түлік өнімдерін шығаратын зауыт пен ірі қоймалар салуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, орталық аумағында машина жасау, металл өңдеу, фармацевтика және басқа да өндірістік кәсіпорындар іске қосылмақ. Бұл жобалардың барлығы инвесторлардың қаражатына жүзеге асырылады.
Жоспарға сәйкес, халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы техникалық тұрғыда 2026 жылдың төртінші тоқсанында іске қосылып, 2027 жылдың бірінші жартыжылдығында толықтай ашылады.
Бұл орталық Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымын арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта екі ел арасындағы сауда көлемі 4,5 миллиард долларды құрап отыр.
Орталықтың іске қосылуы арқылы бұл көрсеткіш 10 миллиард долларға дейін жеткізіледі деп күтілуде.