Қытайлық инвестор Қазақстанның қант бизнесіне қаражат салмақшы

933

Жылына 100 мың тонна қант шығаратын қуаты бар зауытты салудың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленген.

Қытайлық инвестор Қазақстанның қант бизнесіне қаражат салмақшы

Қазақстан мен Қытай Павлодар облысында қант зауытын салу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы LS-ке ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Ақпаратқа сүйенер болсақ, Ақсу қаласында кәсіпорын салу үшін жер телімі алынып қойған.

"Жылына 100 мың тонна қант шығаратын қуаты бар зауытты салудың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп бітіп қалды. Әзірлеуші – "БМА Руссланд" (Германия). Қытайдың NAALE Group Ltd компаниясымен осы жобаны бірлесіп іске асыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр", – деп түсіндірді министрліктегілер.

Сонымен қатар ведомство Жамбыл облысының Шу ауданында да тағы бір қант зауытын салу жоспарланып отырғанын айтты. Зауытта жылына 116 мың тоннаға дейін қант шығарылатын болады. Жоба 80 млрд теңге деп бағаланып отыр.

"Бастама жасаушы тарап ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу және жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмысты бастады. Биылғы жылы өңірде 300 мың гектар жерге қант қызылшасы егілген", – деді АШМ өкілдері.

Сонымен қатар ведомство ішкі нарықтың 85% -ы сырттан әкелінген құрақты шикізатты өңдеу  және дайын қант импорты есебінен қамтылып отырғанын айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу