"China Energy Engineering Group Xinjiang Electric Power Design Institute Co., Ltd." компаниясы Абай облысында екі электр станциясын салуға ниет білдіріп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тараптар кездесу барысында Абай облысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту, электр энергиясы тапшылығын азайту және энергетикалық инфрақұрылымды жетілдіру мәселелерін сөз етті.
Қытайлық компания өңірде екі инвестициялық жобаны жүзеге асыруды ұсынды.
Біріншісі Жарма ауданындағы Жаңғызтөбе кенті маңында қуаты 100-200 МВт жел электр станциясын, екінші жоба Аягөз ауданының Ақтоғай ауылы аумағында күн электр станциясын салуды көздейді.
"China Energy Engineering Group Xinjiang Electric Power Design Institute Co., Ltd" компаниясы электр энергетикалық жүйелерді жоспарлау, инженерлік консалтинг, жобалау, EPC моделі бойынша жобаларды іске асыру, сондай-ақ, жел және күн энергетикасы, энергия жинақтау жүйелері, электр желілері мен қосалқы станциялар саласындағы жобаларға маманданған.
Ұсынылған жобалар іске асcа өңірді тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге, жаңартылатын энергия көздерін дамытуға, энергетикалық жүйенің тұрақтылығын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.