Қытайлық инвесторлар күнбағыс өңдеу цехын салуды бастады

733

Бизнесмендер Павлодар облысына сату үшін қияр мен қызанақ өсіруге ниет білдіріп отыр.

Қытайлық инвесторлар күнбағыс өңдеу цехын салуды бастады

Күнбағыс өңдеу цехының құрылысын биылғы жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов кәсіпорынның құрылысына 1,5 миллион доллар салған қытайлық инвесторлармен кездесті.

"Гринланд Инвест" ЖШС-нің бас директоры Чжан Янь Цю өсімдік майы өндірісін биыл қараша айында қолға алу жоспарланып отырғанын атап  өтті.  

"Қайта өңдеу қуаттылығы тәулігіне 300 тоннаны құрайды, - дейді ол. - Жыл сайын шамамен 30 мың тонна май шығару көзделуде. Күнбағысты Павлодар облысынан сатып аламыз. Өнім Қытайға экспортталады. Оның ішінде күнжара да бар. Зауыт іске қосылғаннан кейін жұмыскерлер саны 50 адамға дейін артады. Жұмысқа жергілікті тұрғындар қабылданады".

Мемлекет тарапынан қолдау түрінде электр желісі тартылуда. Бұл мақсатта бюджеттен 150 миллион теңгеден астам қаржы керек. Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовтің сөзінше, бұл тек кәсіпкерлердің ғана емес, Жетекші ауылында электр қуатының тапшылығы мәселесін де шешіп береді. Келесі жылы қытайлық инвесторлар Жетекші ауылында аумағы 12 мың шаршы метр жылыжай кешенін салуға дайын.

Бизнесмендер Павлодар облысына сату үшін қияр мен қызанақ өсіруге ниет білдіріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу