Көлік вице-министрі Талғат Ластаев China Railway Engineering құрылыс корпорациясының құрамына кіретін көлік инфрақұрылымы саласындағы 5 ірі қытай компаниясының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында China Railway Group Ltd және China Shipbuilding Industry Corporation компанияларының теміржол саласындағы жобаларды іске асыруға, автожолдар мен порт инфрақұрылымын қайта құруға қатысу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар аталған қытайлық компания өкілдері қолданыстағы теміржол желілерін жаңғырту және жаңа теміржол желілерін салу жөніндегі жобаларға, ал China Shipbuilding Industry Corporation Ақтау және Құрық порттарында контейнерлік хаб салуға қатысуға қызығушылық танытты.
Өз кезегінде министрлік өкілдері көлік саласындағы компаниялардың тарапынанқызығушылық тудыратын жобалар бойынша толық ақпарат берді. Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.