Қытайлық компания Ауғанстанда электр станциясын салады

717

Шеберганда газ өндірісі 40 жылдық үзілістен кейін іске қосылды.

Қытайлық компания Ауғанстанда электр станциясын салады

Қытайдың Yellow Reviver Engineering Consultancy деп аталатын мемлекеттік компаниясы Ауғанстанның Джаузджан провинциясындағы газ кен орнында электр станциясын салады.

Бұл туралы "Талибан" қозғалысының өкілі Забиулла Муджахид мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қытай компаниясы, су ресурстары мен энергетика министрлігі және тау-кен өнеркәсібі министрлігі Шебергандағы газ кен орнын барлау және игеру үшін қуаты 300 МВт болатын электр станциясын салу туралы келісімге қол қойды", – деді ол.

Шеберганда газ өндірісі 2020 жылдың сәуірінде 40 жылдық үзілістен кейін іске қосылған еді.

Тау-кен және мұнай өнеркәсібі министрлігі "Ауғанстан елі Джаузджаннан табылған газды өндіру және тасымалдаудан жылына 8,5 миллион доллардай пайдаға кенеледі, ол жерде жүздеген жұмыс орындары ашылып, Джаузджан мен Балх провинциялары газбен қамтамасыз етіледі" деп топшылап отыр.

Табиғат Нұрболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу