Қытайлық компания Хромтаудағы кәсіпорын жұмысын жандандырмақ

1115

Соның нәтижесінде 420 адам жұмыспен қамтылады. 

Қытайлық компания Хромтаудағы кәсіпорын жұмысын жандандырмақ

Қытайлық Foshan Newmay Ceramic копаниясы 10 жылдан аса жұмысы тоқтап тұрған Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы қыш тақталар шығаратын зауыт өндірісін қайта жандандырмақ. Ол үшін 15 млрд теңге инвестиция салынады.  

"Бүгінде қытайлық инвесторлар зауытты сатып алды. Оның жұмысы 10 жылдан аса тоқтап тұрған. Жыл соңына дейін кәсіпорынға қажетті құрал-жабдықтар жеткізіледі",– деді облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасында. 

Кәсіпорынның қайта ашылуы 2020 жылдың сәуір айына жоспарланған. Зауыт үш бағыт бойынша жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы күніне 60 мың шаршы метр қыш тақта шығарады. Сол арқылы 420 адам жұмыспен қамтылмақ. 

Айта кетсек, жобаны қаржыландырып отырған қытайлық Foshan Newmay Ceramic (Linxiang) Co., Limited компаниясының негізгі бағыты – фарфор өндірісі үшін жабдықтар шығару.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу