Қытайлық компания Шиеліде күн электр станциясын салып жатыр

243

Қазір Қызылорда облысында жалпы қуаты 89 МВт болатын 9 күн электр станциясы жұмыс істеп тұр.    

Қытайлық компания Шиеліде күн электр станциясын салып жатыр Фото: qazaqgreen.com

Қытайлық компания тағы бір күн электр станциясын Шиелі ауданында салып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.  

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметіне сүйенсек, жобаның қуаттылығы – 40 МВт, жоба құны – 11,5 млрд теңге. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде бұл мақсатқа 80 гектар жер берілген. 

"Жоба бастамашысының ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта құрылыс жұмысының 80%-ы аяқталған. Станцияны тамыз айында іске қосу жоспарланып отыр. Сол кезде жергілікті тұрғындар үшін 20 жаңа жұмыс орнын ашылмақ", – делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу