Қытайлық компанияға Түркістан өңірінде электрлік автобустар құрастыру ұсынылды

908

"BYD" – жылына 700 мыңға жуық электрлік көлік шығаратын қуаты бар өз саласының әлемдік көшбасшысы. Компания электроника саласында Samsung смартфондарының шамамен 60 пайызын құрастырады.

Қытайлық компанияға Түркістан өңірінде электрлік автобустар құрастыру ұсынылды

Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев қытайлық "BYD" компаниясының өкілдерімен Түркістан облысы аумағында электрлік батареялар, күн панельдері, және де электрлік автокөліктер мен электрлік автобустар құрастыру бойынша өндіріс ашу жөнінде келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"BYD" сарапшылары бұл жобаларға қызығушылық танытып, нарық әлеуетін зерттейтін болды. Өз кезегінде, облыс басшысы қытайлық тарапқа өндіріске қолайлы жағдайлар жасалған арнайы экономикалық аймақ пен индустриалды аймақтардың бар екендігін айтып, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.

"BYD" – бұл жоғары технологиялық қытайлық компания, жылына 700 мыңға жуық электрлік көлік шығаратын қуаты бар өз саласының әлемдік көшбасшысы. Компания электроника саласында Samsung смартфондарының шамамен 60 пайызын құрастырады, ал Huawei компаниясы үшін мобильді құрылғылардың 50 пайызын жинайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу