Қытайлық құс тұмауын жұқтырды

637

H5N6 вирусының адамнан адамға жұғу қаупі өте төмен.

Қытайлық құс тұмауын жұқтырды

Қытайдың Сычуань провинциясының Бачжун қаласында бір тұрғынның құс тұмауын жұқтыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Науқас – 55 жастағы ер адам. 30 маусымда оның қызуы көтеріліп, 4 шілдеде ауруханаға түскен. 6 шілдеде Сычуань провинциясының ауруларды бақылау және алдын алу орталығы науқастың H5N6 вирусын жұқтырғанын жариялады.
Қазіргі уақытта жергілікті денсаулық сақтау басқармасы медициналық бақылау жүргізіп, үй құсын ұстағандардың не оның қасында болғандардың барлығын тексеріп жатыр.Сонымен қатар вирусты жұқтырған үй мен көршілес фермалардың маңы зарарсыздандырылды.

Ауруларды бақылау және алдын-алу жөніндегі орталық мамандарының айтуынша,  H5N6 вирусының адамнан адамға жұғу қаупі өте төмен.

Табиғат Нұрболат

Фото: rojakdaily.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу