Қытайлық пестицидке тыйым салынды

634

Енді бұл химиялық өнім Қазақстанда қолданылмайды.

Қытайлық пестицидке тыйым салынды

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі "Император, 20% в.к." пестицидінің мемлекеттік тіркеуін мерзімінен бұрын тоқтатты. Енді бұл химиялық өнім Қазақстанда қолданылмайды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

АШМ хабарлауынша, бұл пестицидті 2018 жылы "Пестициды" ЖШС Қазақстанға үлкен көлемде әкелген. Шегірткеге қарсы күреске пайдаланылатын аталған препараттың тіркеушісі "Шанхай МИО Кемикал Ко., Лтд.", яғни Қытай препараты.

"Республиканың оңтүстік аймақтарында "марокко" шегірткесіне қарсы химиялық күрес жүргізу кезінде "Император, 20% в.к." пестициді фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні, оның биологиялық тиімділігі төмен (30%-дан кем)  екенін көрсетті. Аталмыш химиялық өнімді алдағы уақытта пайдалану 1,054 млн га жерде шегірткеге қарсы күрес шараларының тиімсіз болуына алып келуі мүмкін. Мұндай жағдайларда "Өсімдіктерді қорғау туралы" заңда "пестицидті" мемлекеттік тіркеу куәлігінен айыру (қайтарып алу) қарастырылған",– делінген хабарламада.

Осыған байланысты, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің № 333-Н бұйрығымен 2019 жылдың 12 желтоқсанынан бастап "Император, 20% в.к." пестицидін мерзімінен бұрын тіркеу куәлігін кері қайтарып алып, аталмыш химиялық препаратты мемлекеттік тіркеуден өткізуге тиым салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу