Бейжің посткеңестік елдердің егемендігін құрметтейді - Қытай СІМ

816

Бұл туралы ҚХР СІМ ресми өкілі Мао Нин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Бейжің посткеңестік елдердің егемендігін құрметтейді - Қытай СІМ Фото: google

Бейжің барлық елдердің егемендігін құрметтейді, ал Қытайдың Қырымға қатысты ұстанымы өзгерген жоқ.

"Қытайдың тиісті мәселе бойынша ұстанымы өзгерген жоқ. Аумақтық егемендікке келетін болсақ, Қытайдың ұстанымы айқын. Қытай барлық елдердің егемендігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын құрметтейді және БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен принциптерін қолдайды", — деді Мао Нин.

Украиналық мәселеге келетін болсақ, Қытайдың ұстанымы еш өзгерген жоқ.

"Біз Украина мәселесін саяси реттеуге үлес қосу үшін халықаралық қауымдастықпен жұмысты жалғастыра бермекпіз. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары Қытайдың украин мәселесі бойынша ұстанымын дұрыс түсінбей, Қытай мен басқа елдер арасында алауыздық туғызуда", - деп қосты Мао Нин.

Дипломаттың айтуынша, Қытай КСРО құрамына кірген барлық республикалардың егемендігін құрметтейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу