Қытайлық тотықұс түстерді ажыратудан рекорд орнатты

167

Ол түстерді ажыратып, заттарды сәйкестендіру бойынша әлемдік рекорд орнатты. 

Қытайлық тотықұс түстерді ажыратудан рекорд орнатты Фото: Guinness World Records

Қытайдың Хэнань провинциясында Сяогуй атты тотықұс ерекше қабілетінің арқасында Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сынақ барысында құстың алдына 10 түрлі түсті пластик ыдыс пен сондай түсті шар қойылды. Міндет – әр шарды өзіне сәйкес ыдысқа салу болатын. Тапсырма қиындау үшін шарлар әдейі араластырылды. Соған қарамастан, Сяогуй әр шарды біртіндеп алып, дұрыс ыдысқа орналастырды. Әсіресе, бір-біріне өте ұқсас қызғылт түстерді шатастырмай ажырата алған сәті көпшілікті таңғалдырды.

Нәтижесінде тотықұс 10 түрлі түсті небәрі 33,50 секундта дұрыс сәйкестендіріп шықты.

Сяогуйдің иесі Цинь Фэн оны 2020 жылы балапан кезінде қолға алып, асыраған. Содан бері екеуінің арасында берік байланыс орнаған. Қожайын құстың түрлі ойыншықтарға, әсіресе түсті шарларға қызығушылығын байқап, түстерді ажыратуға үйрете бастаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу