Қытайлық туристер Байқоңырдан зымыранның ұшу сәтін тамашалады

Олар бірқатар туристік нысанға барған. 

Қытайлық туристер Байқоңырдан зымыранның ұшу сәтін тамашалады Фото: Нұрай Ақжігітова

Шетелдік туристерді қатты қызықтырған орын – "Байқоңыр" ғарыш айлағы болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қытай мемлекетінен келген туристер әуелі Қармақшыдағы қасиетті орындардың бірі – Қорқыт ата кесенесімен танысқан. 

Ерекше сәулетімен алыстан менмұндалап тұратын баба кесенесі рухани дүниенің есігі іспетті. Әсіресе, Қорқыт ата кесенесінің көркем сәулетіне қытайлық туристер ерекше қызығушылық білдіріп, ондағы құнды дүниелердің тарихын білуге асыққан. 

Одан кейін қытайлық туристер Байқоңыр қаласына барып, санғасырлық тарихы бар ғимараттар шоғырланған орталық алаңдарда серуендеуге мүмкіндік алған. Сондай-ақ, "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы "Пайдалану және сынау" орталығының жұмысымен танысып, зымыран ұшыру сәтіне куә болды. 

– Қызылорда қаласына келгеніме өте қуаныштымын. Бұл жақтың мәдениеті ерекше екен. Біз көптеген туристік нысанға бардық. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымыранның көкке көтерілгенін тамашаладық. Бұл – мен үшін тарихи сәт! Эмоциямды тіпті жеткізе алмаймын, – деді қытайлық туристердің бірі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу