Қытайлықтар Ақмола облысында ірі кәсіпорын салады

933

Қытайлықтар Ақмола облысында ірі кәсіпорын салады

Қытайлық компания Ақмола облысындағы ірі кәсіпорын ашуға 300 млн доллар салуға дайын екендіктерін білдіріп отыр. Осы мақсатпен бұрнағы күні ҚХР-дың "Anhui Geyi Biorefineries Industrial Park Limited" өндірістік компаниясы Есіл ауданында болып, жергілікті жағдаймен жіті танысып қайтты, деп хабарлайды egemen.kz.
Қытайлық инвесторлар биологиялық массаны, яғни бидайдан қалған сабанды өңдеу көлемін жылына 500 тоннаға жеткізуді ойластырып отырған кәсіпорын салуды көздеуде. Атал­ған жобаға салынатын жалпы инвестициялық қаржының көлемі 300 млн АҚШ доллары болса, оны қытайлықтар өз мойындарына алып отыр. Оның үстіне, кәсіпорын аудан тұрғындарына 500-ге тарта жаңа жұмыс орындарын ұсынатын болады. Жоба бойынша кәсіпорын жылына 10 млн тонна сұйық және құрғақ тыңайтқыштар шығару қуатына ие. Зауытта 5 мың текше метр метан өндіріліп, 120 млн кВт электр қуатын өндіруге мүмкіндік туады. Оның үстіне 70 мың тонна биохимиялық лигнин (көптеген өндірістерде және медицинада қолданылатын қымбат химиялық шикізат) шығарып, Еуропа мен Қытайға экспорттауға мүмкіндік бар. Жыл сайын 20 мың тонна жоғары сапалы қағаз бен 200 мың тонна картон шығару үшін зауыт целлюлоза шикізатын өндіре алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу