Қытайлықтар Арал теңізінің ұлтанына көшет егіп көрмек

Нақты берілетін жер әлі таңдалмаған көрінеді.  

Қытайлықтар Арал теңізінің ұлтанына көшет егіп көрмек Фото: Нұрлан Қанат

Бұған дейін жергілікті билік ғылымның көмегімен Қызылорданы жасыл қала етуді де қолға алған еді. 

Енді қытайлықтарға сулы және құрғақ аумақтардан жер ұсынылады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Қытайдың инвесторларымен кездесу өткізілді. Олар да өзінің технологиясын ұсынды. Біз қытайлықтарға Қызылорда қаласының аумағынан суы бар жерден 10 гектар және суы жоқ жер деп Арал теңізінің құрғаған ұлтанынан 10 гектар аумақты бергелі отырмыз. Біз сол көшеттердің шығымдылығына байланысты шешім қабылдайтын боламыз", - дейді Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Мәріп Акбар.

Қала тұрғыны Индира Ақжігітова тәжірибеден қашпау керек деп отыр. Ол арнайы келген соң, қытайлықтар көшетті шығаратынына сенімді. 

"1980 жылдары Арал теңізін жапондықтар құтқарамыз деген уақытта ұлтжандылығымыз оянып, берілмей қалған болатын. Енді қытайлықтарға да түрлі сылтаулар ойластырмасақ болар еді. Ексе ексін, шығарып берсе болды емес пе? Айтпақшы, ертең шықса да, шықпай қалса да "мен айтып едім" дейтіндер болады екен ғой. Арнайылап келген соң олар шығарады, ал қурап қалады деп қарасақ, жабдықтары мен суландыру жүйесін қалдырады деп те ойлаймын", - дейді ол.

Шыны керек, жыл сайын егілетін көшеттердің басым бөлігі көктеді дегеннің өзінде Қызылорда қаласының орман болатын уақыты жетті. Сырдарияның жағасында отырып аяқсуға жарымай жүргеніміз жасырын емес. Тек соңғы жылдары ғана мәселе енді өз шешімін тауып келе жатқанға ұқсайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу