Қытайлықтар бір апталық "алтын" демалысқа кетті

1080

Елдің басты мерекесінде жұрт жаппай туристік сапарға шығады.

Қытайлықтар бір апталық "алтын" демалысқа кетті

Қытай елі бір апталық демалысқа шықты, деп хабарлайды 24.kz.

1949 жылы тарихта "Ұлы асыраушы" деген атпен қалған қытай коммунистерінің көшбасшысы Мао Цзэдун 1 қазанды Қытай Халық Республикасының құрылған күні деп жариялады. Содан бері мереке 7 күн тойланып, "алтын апта" деп аталып жүр.

Биыл ҚХР құрылғанына 69 жыл толды. Елдің басты мерекесінде жұрт жаппай туристік сапарға шығады. Былтыр осы кезеңде 710 миллион адам ел аралап, туристік индустрияның кірісі 590 миллиард юаньды ($ 87 млрд) құрады. 2014 жылдан бері бұған тағы бір мереке қосылды. 30 қыркүйек Ерлікпен қаза болған батырлардың күні деп жарияланды. Бұл – Қытай Халық Республикасының тәуелсіздігі мен гүлденуі үшін жанын пида қылған жандарды еске алу күні.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу