Бұл туралы inbusiness.kz ҚХР Мемлекеттік Кеңесі кеңсесінің елдің аталған арнайы әкімшілік аудандарының істері жөніндегі мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Материктік Қытай мен Гонконг, сондай-ақ Макао арасындағы қозғалыстар үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау мақсатында сапарларды ұйымдастыруға қатысты шараларды одан әрі оңтайландыру туралы шешім қабылданды. 2023 жылдың 6 ақпанынан бастап Гонконг пен Макаоға сапарларды шектейтін кедендік шаралар алынып тасталады", - делінген құжатта.
Сондай-ақ, Гонконг пен Макаодан материкке келгендер арасында соңғы жеті тәулік ішінде шетелге сапар шекпегендер үшін коронавирустық тест тапсырудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Басқа жағдайларда кіруден кемінде 48 сағат бұрын алынған тиісті медициналық сертификатты ұсыну қажет. Талап үш жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.