Қытаймен алғаш рет бірлесіп түсірілген фильмнің тұсаукесері өтті

891

Картинаны Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы мен қытайлық "Shinework Pictures" компаниясы түсірген.

Қытаймен алғаш рет бірлесіп түсірілген фильмнің тұсаукесері өтті

Алғашқы қазақ-қытай бірлескен жобасы – "Композитор" көркем фильмінің салтанатты тұсаукесері өтті, деп хабарлайды "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі..

Режиссерлері Қазақстан атынан – Сәбит Құрманбеков, ал Қытай тарапынан – Шерзат Якуб.

Фильм Сянь Синхайдың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайды, оның Кеңес одағы кезінде, Алматыға эвакуацияланған шағын, қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығын көрсетеді.

"Біз үш жылға жуық түсірген фильміміз "Композиторды" сіздерге ұсынғанымызға қуаныштымыз. Бұл қазақ-қытай бірлескен алғашқы фильмде қазақтың композиторы Бақытжан Байқадамов пен қытайлық композитор Сянь Синхайдың арасындағы достығын көрсету арқылы, екі елдің достығын көрсеткіміз келді", – деді фильмнің Қазақстан тарапынан бас продюсері, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ бірінші вице-президенті Серік Жұбандықов салтанатты рәсімде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу