Қытаймен арадағы статистикалық сәйкессіздік 6 миллиард долларды құрады

805

Atameken Business арнасына эксклюзивті сұхбат берген қаржы министрі осылай деді.

Қытаймен арадағы статистикалық сәйкессіздік 6 миллиард долларды құрады

Қазақстан мен Қытай арасындағы статистикалық сәйкессіздік 2018 жылы 6 млрд долларды құрады. Бүгін Atameken Business арнасына эксклюзивті сұхбат берген қаржы министрі осылай деді.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, қос елдің импорт бойынша тауар сәйкессіздігінің тең жартысы Қазақстан арқылы өтетін транзиттің үлесінде тұр. Қытай мұны кедендік құжаттауда "экспорт" деп көрсеткен. Тағы 2 млрд доллар баж салығынан жалтарудан жоғалған қаржы болып шыққан. Қазір осы сәйкессіздікті болдырмау үшін Қазақстан мен Қытай арасында сәуір айында арнайы хаттама бекітіліпті. Оған сәйкес, қос елдің кедендік деклорациялау құжаттары тұрақты түрде салыстыруға жіберіліп тұрмақ. Министр бұл бюджетке біраз қаржымы қайтаруға мүмкіндік беретінін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу