Қазақстан – Қытай шекарасы тоғыз күнге жабылады. 2 ақпан мен 10 ақпан аралығында шекарадан өту мүмкін болмайды. Себебі Қытайдың Ұлттық көктем мейрамы, яғни жаңа жылы тойланады. Олар үшін бұл мейрам өте маңызды.
Қытайда бұл мереке екі мың жылдан астам уақыт бойы тойланып келеді. Биылғы тойлау 5 ақпанда өтеді. Сонымен қатар, Қырғыстан – Қытай шекарасы да уақытша жабылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу