Қытаймен шекарада тұрып қалған вагондар қалпына келді

929

ҚХР-мен шекаралас станциялардағы жабық вагондарда ұзақ тұрып қалған жүктер жағдайы қалыпқа келді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қытаймен шекарада тұрып қалған вагондар қалпына келді

ҚР, ҚХР теміржолшылары мен қазақстандық жүк жөнелтушілер күш-жігері мен бірлескен іс-қимылының арқасында Алашаңқай – Достық және Қорғас – Алтынкөл шекаралық өткелдерінде ұзақ тұрып жатқан жабық вагондар проблемасы шешімін тапты. Жағдай қалыпқа келді. Астық жүктері бар барлық тоқтап тұрып қалған жабық вагондар түсіру үшін Қытай жағына берілді.

"ҚТЖ-Жүк тасымалдары" ЖШС жүк жөнелтушілерге жүкті басқа жерге жіберу бойынша қабылдаған шаралары мен түсіністіктері үшін алғыс білдіреді, бұл шекара маңындағы учаскелердің өткізу қабілетін арттыру мен азық-түлік жүктерінің жиналып қалу мәселесін жедел шешуге және олардың бүлінуі тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта Достық – Алашаңқай және Алтынкөл – Қорғас теміржол өткелдері арқылы Пойыздар алмасу жоспарын келісу бойынша қытайлық әріптестермен келіссөздер жалғасуда. Қытай тарапы астық жүктерін жабық вагондарда қапта қабылдаудан бас тартты, жүктер тек биг-бегтерде болуы тиіс. Ағымдағы жылдың мамыр айында биг-бегтерде тек 50 жабық вагон азық-түлік жүктерін тиеу жоспары келісілді. Осыған байланысты жүк жөнелтушілерге астық тасымалдаудың оңтайлы нұсқасына көшуді ұсынамыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу