Қытаймен шекарадағы "Бақты" өткізу пункті 18-20 тамыз күндері жөндеуге жабылады

495

Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. 

Қытаймен шекарадағы "Бақты" өткізу пункті 18-20 тамыз күндері жөндеуге жабылады Фото: gov.kz

Еуразиялық экономикалық одақ кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру жөніндегі жоба шеңберінде Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан "Бақты" автомобиль өткізу пунктін қайта жаңарту жүргізілуде.

Жұмыстарды жүргізу кестесі бойынша 2023 жылғы 18-20 тамыз аралығында өткізу пунктінің автомобиль жолы арқылы өтетін сыртқы сумен жабдықтау желілерін төсеу жоспарланған.

Осыған байланысты, Комитет жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу барысында автокөлік құралдарының жүруіне мүмкіндік болмағандықтан, 2023 жылғы 18-20 тамыз аралығында "Бақты" өткізу пунктінің жабылатыны туралы хабарлайды.

"Бақты" өткізу пунктінің ашылуы 2023 жылғы 21 тамыздан бастап штаттық режимде жоспарланып отыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу