Қазақстанның Қытаймен шекаралас аумағына жақын маңда жер сілкінді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сейсмологтардың ақпаратынша, жер сілкінісі 19 қарашада Астана уақытымен түнгі сағат 23:45-те тіркелген.
Дүмпу ошағы Қытайдың Шыңжаң өлкесі аумағында орналасқан. Орталық дүмпу магнитудасын 4,4 балл деп бағаланып отыр.
Ұлттық орталық жерасты дүмпуі болған жердің координаттарын жариялады. Жер сілкінісі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 500 км, ал Үрімшіден шамамен 300 км жерде болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу