Қытаймен визасыз режим қашан іске аса бастайды?

Сауалға Сыртқы істер министрлігінің өкілі жауап берді. 

Қытаймен визасыз режим қашан іске аса бастайды?  Фото: zakon.kz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытаймен визасыз режим қашан жұмыс істейді деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Оның айтуынша, бұл үшіш қос тарап ішкі процедураларды аяқтауы керек.

"Менің ойымша, бір-екі ай қажет. Осыдан кейін екі тарап бір-біріне ішкі рәсімдердің аяқталғаны туралы хабарлауы керек. Содан кейін келісім күшіне енеді. Бұл екі елдің мемлекеттік органдарының жеделдігіне байланысты", – деді Айбек Смадияров. 

Ол Қазақстан бұл процедуралық шешімдерді барынша жылдамдатуға тырысатынын айтты.

Еске сала кетсек, 17-19 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасында мемлекеттік сапармен болды. Осы сапар барысында мемлекет басшылары өзара визасыз режим туралы келісімге қол қойды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу