Қытаймен визасыз режим туралы ақпарат жалған болып шықты

1051

Қытаймен визасыз режим туралы ақпарат жалған болып шықты

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізу бойынша келіссөздер жүріп жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мессенджерлерде тарап жатқан Қытай азаматтары үшін визалық режимді алып тастау туралы ақпарат жалған", — делінген хабарламада. 

Ведомство Қазақстан Қытай тарапымен Қытайдың халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін қазақстандықтар үшін визасыз жүру мерзімін 24 сағаттан 72 сағатқа дейін ұлғайту туралы, сондай-ақ Қытайға барғысы келетін қазақстандықтар үшін жеке виза беруді жандандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын еске салды. 

Бұл бағыттағы жұмыс жан-жақты өзара ынтымақтастық пен тараптардың мүддесін құрметтеу негізінде жалғасып жатыр, деп мәлімдеді министрліктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу