Қытаймен визасыз режим туризм мен бизнеске пайда әкеледі - сарапшы

1149

Қытайлықтар 2021 жылы саяхатқа 277 миллиард доллар қаржы жұмсаған

Қытаймен визасыз режим туризм мен бизнеске пайда әкеледі - сарапшы Фото: google.com

"Енді елімізге қытайлықтар ағылып келеді деп байбалам салудың қажеті жоқ". Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, екі мемлекет арасындағы визасыз режимнің Қазақстанға зияны тимейді, қайта пайдасы көп. Бұл келісім, әсіресе, бизнес пен туризм саласына оң әсер етуі тиі, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Статистикалық деректерге сүйенсек, қытайлықтар әлемдегі ең көп ақша шығаратын туристер саналады. 2021-ші жылы олар саяхатқа 277 миллиард доллар қаржы жұмсаған. Аталған сома - бүкіләлемдік туризмге кеткен ақшаның 30 пайызы. "Бұл жылдық көрсеткіш бойынша, 75 пайыз бөлмесі бос тұратын қонақ үйлеріміз үшін жақсы мүмкіндік", дейді сала мамандары. 

"Қытайдың нарығы туристер нарығы ретінде әлемдегі ең үлкен нарық. 1,5 миллиард үлкен халық. Осы тұрғыдан алған кезде бізге елге келетін туристердің санын көбейту мақсатында визасыз режим жақсы. 0141-0147 Бізге маңыздысы елімізге туристер келіп, туризм, ақша айналымы болғаны, ақша тастап кетсе болғаны. 0753-0804 Жұмыс орындарын тудырады, кәсіпкерлер кәсіптерін жылжытып, пайда табуына мүмкіндік туады, қонақүйлердің толымдылық деңгейі көбейеді, мейрамханаларда да клиенттердің саны көбейеді", - дейді Туризм саласының сарапшысы Нұржан Әбдіразақ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу