Қытаймен ынтымақтастық экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік береді

1483

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өндірілген тауар тұтынушысыз қалмайды. Бұл туралы ресейлік саясаттанушы Максим Чирков мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қытаймен ынтымақтастық экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік береді

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындысына қатысты пікір білдірген саясаттанушы: "Еуразиялық экономикалық одақ құрамындағы елдердің нарығы өте үлкен. Сондықтан осы нарықта өндірілген өнімге тұтынушы табылмайды деген қорқыныш жоқ. Ресейге, Белоруське қарсы санкция қолданып жатқан елдер Еуропада тұтынылмаған тауар Азияда тұтынылатынын түсінуге тиіс. Қандай жағдайда да Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өндірілген тауар тұтынушысыз қалмайды", – деді. 

Оның пікірінше, Қытаймен ынтымақтастық экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік береді. 

"Одаққа мүше мемлекеттердің Қытай Халық Республикасымен сауда-экономикалық саясатты тереңдетуі баға конъюнктурасын жақсартуға және ЕАЭО аумағында өндірілетін өнімді жеткізу мүмкіндігін арттыруға ықпал етеді", – деді Максим Чирков.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу