Қыз алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

180

Үкім заңды күшіне енді.

Қыз алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты Фото: jambylinfo.kz

Өткен жылдың қазан айында Тараз қаласында Алматы облысының үш тұрғыны Жамбыл облысының 19 жастағы тұрғынын некеге тұруға мәжбүрлеу мақсатында алып қашқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған факті бойынша Тараз қаласы Әулиеата ауданының полиция бөлімі ҚРҚК-нің 125-1-бабы 2-бөлігінің 1) және 4) тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

"Тергеу барысында жәбірленушінің бес жылдан астам уақыт бойы алып қашуды ұйымдастырған азаматпен жақын қарым-қатынаста болғаны, алайда оған тұрмысқа шығудан бас тартқаны анықталды. Қыздың бірнеше мәрте бас тартуына қарамастан, ер адам оны алып қашуды ұйымдастыруға шешім қабылдап, қылмысты жасауға таныстарын тартқан. Осылайша, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып әрекет еткен үш күдікті күш қолданып, күндізгі уақытта жәбірленушіні алып кеткен", – делінген хабарламада.

Сот талқылауы барысында айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді. Тараз қаласының № 2 сотының 4 мамырдағы үкімі бойынша олар адамды некеге тұруға мәжбүрлеу мақсатында алып қашқаны үшін кінәлі деп танылды.

Қылмыстық кодектің 63-бабы қолданылып, үш сотталушының әрқайсысына үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу