Қаражал қаласында 26 сәуірде кешкі сағат он жарымда 30 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені жөнінде полицияға хабарлап, көмек сұраған. Күндіз жоғалған қыз баланы әуелгіде туыстары өздері іздеп көрген.
Полиция қызметіндегілер, Төтенше жағдайлар мамандары мен еріктілер Қаражал қаласының іші-сыртын түгел қарап шыққан. Іздестіру шаралары барысында қыз бала қараусыз қалған бір үйден табылыпты, ал оның қасында болған 55 жастағы ер адам күдікті ертінде ұсталды.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды",– дейді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Ұсталған азамат уақытша қамау изоляторына қамалған. Қыз баланың неше жаста екені және оның бүгінгі жағдайы жөнінде ақпарат таратылмай отыр.
Арайлым Еркебаева