Гендерлік тестілеуден өте алмады деп айыпталған алжирлік боксшы Иман Хелиф Париж Олимпиадасының финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
66 келіде бокстасатын Хелиф жартылай финалда таиландтық Джанджай Суваннапхенгті ойсырата ұтты – 5:0. Енді алтын медаль үшін таласта Иман қытайлық Ян Люмен жұдырықтасады.
Шешуші кездесу 10 тамыз күні өтеді, басталуы - 1:51.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу