Қыз жасауына 800 кітап апарған қалыңдық көпшілікті сүйсінтті

112

Үйлену тойы 2025 жылдың тамыз айында өткен.    

Қыз жасауына 800 кітап апарған қалыңдық көпшілікті сүйсінтті Фото: kun.uz

Өзбекстанда Әндижан қаласының тұрғыны Насибахон Ибрагимова әлеуметтік желі қолданушыларын ерекше үйлену тойының жасауымен таңғалдырды. Ол жасауына шамамен 800 кітап алып келген, деп жазады inbusiness.kz сайты kun.uz порталына сілтеме жасап.

Қалыңдықтың жолдасы Миржалол Махмараимовтың айтуынша, кітаптарды олар бірнеше жыл бойы бірге жинаған.

Ерлі-зайыптылар шамамен үш жыл кездескен, сол уақыт ішінде кітап оқу олардың ортақ қызығушылығына айналған.

"Біз кітаптарды бірге оқыдық, бірге жинадық және сатып алдық. Сонымен қатар кітаптарды онлайн сатумен де айналыстық. Біздің арманымыз – бір ортақ кітап сөресіне ие болу еді", – дейді ол.

Той 2025 жылдың тамыз айында өткен. Той алдында Насибахон күйеуінің үйіне өзінде болған және екеуі бірге жинаған кітаптарды алып келген. Үйлену тойынан кейін жұбайлар оларды біріктіріп, бір үлкен отбасылық кітапхана жасаған.

Жас отбасының коллекциясында шамамен 1500 кітап бар.

Қазіргі уақытта ерлі-зайыптылар Ташкент қаласында тұрады. Миржалол сол жерде Чорсу базарындағы кітап дүкендерінің бірінде жұмыс істейді.

Оның айтуынша, кітапхана суреті интернетте кездейсоқ танымал болып кеткен. Фото Насибахонның Зульфия атындағы сыйлыққа қатысу үшін тапсырған құжаттарына тіркелген еді. Кейін бір блогер оны желіде жариялаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу