Кабинетінде қыз зорлаған Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы сотталды

1756

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Кабинетінде қыз зорлаған Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы сотталды Фото: taulik.kz

Талдықорған қалалық соты Марат Күштібаевты 11 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күштібаевқа қатысты қылмыстық іс қызметтік міндеттерін атқару кезінде жәбірленушіге күш қолданып зорлау фактісі бойынша (ҚК 120-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы) қаралды.

Айыптау актісіне сәйкес, 2023 жылдың 12 қарашасында К. Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы бола тұра полиция бөлімінің ғимаратында, атап айтқанда, өз кабинетінде зорлау, яғни жәбірленушіге күш көрсету арқылы жыныстық қатынасқа түскен.

"Сот үкімімен Күштібаев Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігінің 5 тармағымен кінәлі деп танылып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес ол полиция полковнигі арнаулы атағынан айырылды", - деп хабарлады Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу