"Қыз зорлады" деп айыпталған Жанқош Тұрар өзіне қатысты дауға нүкте қойды

6444

Жанқош Тұрар мен Әнару Құрманәлі бұрын таныс болғаны рас па?

"Қыз зорлады" деп айыпталған Жанқош Тұрар өзіне қатысты дауға нүкте қойды Фото: Жанқош Тұраровтың парақшасынан

Боксшы Жанқош Тұраров өзіне тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше бұл айыптаулар лас әңгіме, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Осыған дейін Әнару Құрманәлі есімді ару өзін боксшы Жанқош Тұрардың зорлағанын айтып, полицияға шағымданған еді. Боксшы желідегі парақшасында ақпаратты жоққа шығарды, кейіннен Жанқош Тұраровтың адвокаты боксшының Құрманәлиеваны танитынын растады.

"Бұл лас әңгіме мені әбден шаршатты. Арызданушымен интимдік қатынас былай тұрсын, ешқандай қарым-қатынасым болған жоқ, нүкте", – деп жазды боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салсақ, бұған дейін танымал боксшы Жанқош Тұраров зорлады деп арыз жазған Әнару Құрманәлінің оқиғаның егжей-тегжейін айтып берген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу