Қыз зорлаған мешіт имамы сотталды

1211

Кәмелеттік жасқа толмаған қыз баланы зорлаған имам 20 жылға сотталды.  

Қыз зорлаған мешіт имамы сотталды

Осы жылы қыста ұсталған ауыл мешітінің имамына қатысты қылмыстық іске сот соңғы нүктесін қойды.

Қарағанды облысында 40 жастағы молда танысының мал шаруашылығына көмектесіп жүріп, сол үйдің 2006 жылы туған қызын 2020 жылы  қаңтарда  зорлаған. Сотталушы ақпан, наурыз,  маусым айларында тағы үш рет қыз баланы зорлаған. Ересектерге қысым көргенін айта алмаған қыз бала жүкті болып қалған. Осыдан кейін шу шығып имамның қылмысы әшкере болған еді. Күдіктінің кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен дәлелденді.

Сот үкімімен күдікті айыпты деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді. Сотталушыға педагогикалық және кәмелетке толмағандар мен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойы тыйым салынды.

Айыпталушы бала кезінен үшінші топтағы мүгедек болған. Бұрынғы ауыл имамы қылмысын сотта жартылай мойындаған.

Бүгінде сот үкімі күшіне енген жоқ.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу