Қыз зорлау ісі бойынша ақталып шыққан блогер қайта сотталып кетті

298

Сот оның ақтау үкімінің күшін жойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қыз зорлау ісі бойынша ақталып шыққан блогер қайта сотталып кетті Фото: Ашық дерек көздерінен

Бұған дейін бірінші сатыдағы соттың үкімімен Ерқанат қылмыстық кодекстің "зорлау" бабы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ал апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың үкімін бұзып, блогерді ақтап алған.

"Қылмыстық іс материалдарын зерделеу барысында Ерқанаттың кінәсі дәлелденді. Қорғаушының уәждері жиналған дәлелдемелермен жоққа шығарылды", – делінген жоғарғы соттың хабарламасында.

Осыған байланысты кассациялық алқа ақтау үкімін бұзып, бірінші сатыдағы соттың айыптау үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу