Қызанақ арзандап, ет қымбаттап тұр

845

Мамыр айы қымбатшылықпен есте қалды. 

Қызанақ арзандап, ет қымбаттап тұр

Жаз келіп, сөредегі бағаға өзгерістер еніп жатыр.  Еnergyprom.kz сайтының жазғанына сенсек, өткен айда қияр мен қызанақтың бағасы 13-15% түскен. Есесіне қой еті 3%, жылқы еті 2% қымбаттаған. Ал оңтүстіктегі қоймаларда қырыққабаттың жаппай шіруі оның базардағы бағасын 34,6% түсіріп жіберген. 

"Мамыр айында жылыжайдан сөреге түсетін қиярдың бағасы 12,9%, қызанақтың бағасы  14,6% арзандады. Ал қырыққабаттың бағасы 34,6% құлдырады. Сарымсақ саудасында былтырдан қалған қор бітіп, биылғы жылдың алғашқы өнімдері сатыла бастады. Оның бағасы 13,3% қымбаттаған. Сол сияқты сәбіз 11,8%, қызылша мен картоп 7,3%-ға қымбаттады", - деп жазылған материалда.

Бір қызығы, сырттан әкелінетін банан, апельсин, лимон бағасы өзімізде егілетін сарымсақ пен картопқа қарағанда көп өспеген.

Бұл халықтың дағдарыс жағдайында жаппай үнемдеуге көшуімен байланысты болса керек. Жеміс-жидек науқаны басталғанда аспандап шыға келетін қанттың бағасы бір айда 0,9%-ға арзандаған. 

Шай мен маргарин өнімдері 2% қымбаттаса, ішімдік 2,5% арзандапты. Етпен бірге ұнның да бағасы өскен. Өсім көлемі 3%-тен жоғары. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу